Е.Нысанбаев: Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті жетілдіру маңызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Е.Нысанбаев: Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті жетілдіру маңызды

22.05.2024

Бүгін елордада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін министрлер мен басшылар кездесті. Бесінші кеңес жабық форматта өтті. Тек маңызды жиыннан соң экология және табиғи ресурстар министрі журналистерге сұхбат берді. Ерлан Нысанбаев басқосуда қоршаған ортаны қорғауға негізделген бірқатар мәселе талқыланғанын айтты.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

Іс-шараға Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин мырза, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Беларусь делегациялары қатысты. Өздеріңізге мәлім, 23 жыл бұрын құрылған Шанхай ынтымақтастық ұйымы, өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу бойынша қажетті қадамдарды қабылдауда тиімді құралға айналды.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу