Жамбылда оқушы өлімінен кейін мектеп директорынан бастап, бірнеше педагог тергеуге алынды. Басшылыққа қатысты оқушылардың іс әрекетін жасырғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Құмжота ауылында соққыға жығылған 8-ші сынып оқушысының өлімінен кейін марқұмның ата-анасы құзырлы органдарға арызданған. Өйткені мектеп басшылығы оқиғаның нақты қалай болғанын жасырып, жылы жапқысы келген. Алғашқыда ата-анасына мектеп директоры «баланың жүрегі тоқтап қалды» деген. Алайда сараптама соққыдан қолқа тамыры үзілгенін анықтады.
Еске салайық оқиға 30-шы сәуір күні Ыбырай Алтынсарин мектебінде болған. Даладағы дәретхана жанында 9-шы сыныптың оқушысы өзінен бір сынып төмен оқитын жеткіншектің кеуде тұсынан ұрған. Жұдырық жұмсаған 15 жастағы күдікті қамауда отыр.
Шовкат Таштамиров, Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі:Енді ол негізі факт бойынша қозғалған да, олар қазір тергеу амалдары бойынша анықталады. Кім? Директор ма? Орынбасары ма? Мұғалімдер ма? 432-ші бабының санкциясына сәйкес 6 жылға бас бостандығынан айыру көзделген.
Данияр Әлімқұл