Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға білім грантын көбейту керек - Депутат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға білім грантын көбейту керек - Депутат

23.05.2024

Елімізде ерекше қажеттілігі бар азаматтарға жоғары оқу орнына түсу үшін 1 пайыздық арнайы білім гранты қарастырылған. Бірақ ол тек бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға беріледі. Оның үстіне, барлық мамандыққа бірдей емес. Педагогикалық және гуманитарлық мамандықтарға ғана түсуге болады. Мәжіліс депутаты Таңсауле Серіков осы мәселені көтеріп, бірқатар ұсыныс айтты.

Таңсауле Серіков, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты:

Бір аяғы не бір қолы жоқ, есту, сөйлеу қабілеті нашар азаматар 3-ші топтағы мүгедектікке жатады. Сол себепті олар арнайы білім грантына қатыса алмайды. Оларға да толыққанды білім алуы үшін грант бөлінуі керек емес пе. Сол себепті білім грантын 2 пайызға көбейту керек деп есептейміз.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу