Елордада Қытай ғылымы және технологиясы атты семинар өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Қытай ғылымы және технологиясы атты семинар өтті

23.05.2024

Елордада Қытай ғылымы және технологиясы атты семинар өтті. Оған ғалымдар, өкілетті академиялық қауымдастық мүшелері қатысты. Шара озық білім мен инновациялық шешімдер алмасуға бағытталды. Семинарда хронологиялық тұрғыдан білім беру жүйесін дамыту және ғылым мен техниканы реформалаудың маңызды аспектілері айтылды.

Жалпы 2003 жылдан бері Қытайда білім алатын қазақстандық студенттердің саны 750 есеге артқан. Бұл тәжірибие алмасуда маңызды рөл атқарады, - дейді шараға қатысушылар. 

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу