Шығыс Қазақстанда алимент төлемейтіндердің саны азаймай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда алимент төлемейтіндердің саны азаймай тұр

23.05.2024

Шығыс Қазақстан облысында ажырасқан соң баласына алимент төлмей жүрген ата-ана көп. Облыстық Әділет департаментінің мәліметінше, бүгінге дейін жалпы жиналған қарыз 400 миллион теңгеге жеткен. Сондықтан департамент қызметкерлері жеке сот орындаушылармен бірігіп, «борышкер» шарасын өткізді.

Қазір өңірдегі жеке сот орындаушылар өндірісінде 13 мыңнан астам алимент ісі бар. Олардың басым бөлігі, өз ерікімен төлесе, 387 адам үш айдан артық төлем жасамаған. Борышкерлерден бүгінге дейін 25 автокөлік тәркіленіп, 4 тұрғын үйдің сот арқылы үлестері бөлініп, өндірушілерге тапсырылды.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу