Жаһаннан бірер ақпарат. АҚШ-тың Айова штатының Гринфильд қаласында торнадо соқты. Төрт адам қаза тауып, 30 шақты тұрғын жараланды. Осы қаладан 40 шақырым жерде көлік аударылып, 46 жастағы азамат мерт болды. Біраз үй жермен-жексен болып, ағаштар құлап, көліктер зақымданды.
Ал Техас штатының Темпл қаласында, сұрапыл дауылдан мыңдаған адам жарықсыз қалып, мектептер уақытша жабылды.
Арыстан Рысбек