Астанада студенттердің бизнес жобалары сарапқа салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада студенттердің бизнес жобалары сарапқа салынды

23.05.2024

Астанада студенттердің бизнес жобалары сарапқа салынды. Байқау Мақсұт Нәрікбаев атындағы Университеттің оқу базасында өтті. Оған 17 команда қатысты. Үздік деп танылған алты команда финалға шығып, кәсіптік идеяларының нарықтық әлеуетін көрсетті. Бас жүлдені қаржы мамандығының 3 курс студенті Альбина Күмісбаева жеңіп алды.

Айдарбек Қожаназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты:

Менің ойымша, біздің жарты жылдың ішінде істеген жұмысымыз – мақсатымызға жеттік деп ойлаймын. Қазір кім ұтса да 5 команданың барлығы өздерінің мақсатына жетіп, нақты өзінің ойлап тапқан, нарыққа лайықты жобасы бар екендігіне барлығымыздың көзіміз жетіп жатыр. Бұл ненің белгісі, бұл осы жастарымыз кез-келген бизнес пен кәсіпті ерте меңгере алады, атқара алады және де ертең бәйгеге қоса алады деп айтуға болады. 

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу