Адам папилломасы вирусына қарсы вакцинаға 9,7 млрд теңге бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адам папилломасы вирусына қарсы вакцинаға 9,7 млрд теңге бөлінді

23.05.2024

Адам папилломасы вирусына қарсы вакцинаны сатып алуға 9,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Тиісті қаулыға Үкімет басшысы қол қойды. Бұл екпе жатыр мойыны обырының алдын алатын жалғыз препарат. 

Вакцина дүниежүзіндегі 135 елдің иммундау бағдарламасына енгізілген. Ал Қазақстанда егу жұмыстары 11 жастағы қыздарға 6 ай аралық мерзіммен екі рет жүргізіледі. Осы дерттен, әлемде жыл сайын 300 мыңдай әйел көз жұмады. Ал Қазақстанда 1900-ге жуық жағдай тіркеліп, әр түрлі жастағы 600-ден астам әйел осы патологиядан қайтыс болады.


Хабарламаларға жазылу