Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп қазақстандықтардың кірісі мен шығысын автоматты түрде есептептейтін ақпараттық жүйе енгізбек.
Осылайша, әлеуметтік көмекке шын мұқтаждар анықталып отырады. Онда азаматтың жылжымайтын мүлік сатып алуға, оқу ақысын төлеу, қосымша білім алу, демалыс аймағына бару және кредит өтеу мүмкіндіктерінің бәрі қарастырылады. Былтыр жалпы сомасы 59,4 млрд теңгеге 114 100 отбасы, биыл үш айында 7,8 млрд теңгеге 58,8 мың отбасы атаулы көмекті алған.
Айя Мүтәлі