Көлік сатып алушы азайып, баға түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көлік сатып алушы азайып, баға түскен

23.05.2024

Қымбатшылықтан болса керек, елімізде көлік сатып алушы азайды. Есесіне жаңа темір тұлпардың құны сәл түскен. Бұл жайында «Astana Motors» компаниясының бас директоры Бекнұр Несіпбаев айтты.  Оның cөзінше, қазір қоймада шаң басып жатқан жаңа көлік көп. Сұраныстың аздығынан диллерлік компаниялар түрлі жеңілдік ұсынуға көшіпті. Кәсіпорын басшысы мұны кредит алудың қиындағанымен және нарықта қытайлық автокөліктердің көбейгенімен байланыстырды.

Мұның пайдалы тұсы да бар. «Есесіне бәсекелестік артып, компаниялар машинаны экспорттауға ұмтылады», - дейді Бекнұр Несіпбаев.


Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу