Алматыда этносаралық келісімді нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда этносаралық келісімді нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды

24.05.2024

Алматыда этносаралық келісімді нығайтудың өзекті мәселелері, этномәдени бірлестіктердің қызметі талқыланды. Жиынға республикалық және қалалық этномәдени бірлестік мүшелері қатысты. Ассамблея Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов «Жүректен жүрекке» республикалық акциясына атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді. Басқосуда бірлестіктердің жұмыс жоспары талқыланды. Сондай-ақ Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жолдары сөз болды.

Марат Әзілханов, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары:

Бүгін талқыланған бір мәселе – «Таза Қазақстан». Оны ҚХА қолдап, ары қарай жүргізеді. Біздің «Жүректен жүрекке» деген акциямыз жүріп жатыр, зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету үшін 12 мың волонтеріміз қазір жұмыс істеп жатыр.

Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу