Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығынан егіс жұмыстары кешеуілдеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығынан егіс жұмыстары кешеуілдеп жатыр

24.05.2024

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Павлодар облысында көктемгі дала жұмыстары кеш басталды. Қазір жобаланған егістік алқаптарының 39 пайызына ғана дән себілген. Яғни, осы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстар 20 пайызға кешеуілдеп жатыр. Айта кету керек, биыл кейбір өңірлерде құрғақшылық болады деген болжам айтылған болатын. Соған байланысты аймақта ылғалды көп қажет ететін дақылдар көлемі азайтылды. Есесіне, ыстыққа төзімді майлы дақылдар көлемі 20 мың гектарға ұлғайтылды. Жанар-жағармай жағынан мәселе жоқ. Биыл шаруаларға нарықтағыдан 58 теңгеге арзан бағамен дизель отыны берілді.

Ерғанат Әубәкір, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің егін жұмыстарына кеш шығуының негізгі себептері сәуір, мамыр айларында жауын шашынның қатты себелеп жауғанына байланысты. Яғни, жердің езіліп алқаптарға техниканың шыға алмауы бірінші кедергі. Екінші жердің қысқы мезгілде қатуы, яғни, топырақтың қатты болуына байланысты.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу