Ақтөбеде скутер мінгендер жол апатына жиі түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде скутер мінгендер жол апатына жиі түседі

24.05.2024

Ақтөбеде бір тәулікте скутерлердің қатысуымен екі жол көлік оқиғасы тіркелді. Екі адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Жол сақшыларының айтуынша, көктем шыққалы мұндай оқиғалар жиіліген. Қазірдің өзінде 6 жағдай тіркеліп, 6 адам әр түрлі дене жарақаттарын алыпты. Оның біреуі – бала. Сондай-ақ, қос дөңгелекті көлік мінгендер, 300 мәрте жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған. 25 скутер мен мопед айып тұрағына қойылған. Қазір алыс елдімекендерде де, мопед мінгендердің саны артқан. Сондықтан, Полиция департаментінің өкілдері жол ережесі мен көлік құралдарын басқару қағидаларын түсіндіру жұмысын күшейткен.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу