Димаштың Түркиядағы концертіне 41 елден көрермен келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаштың Түркиядағы концертіне 41 елден көрермен келді

24.05.2024

Қазақтың мақтанышы - Димаш Құдайбергеннің бүгін туған күні. 30 жасқа толған әнші, мерейтойын Түркияда тойлап, Ыстамбұлдағы ең үлкен Бешикташ стадионында концерт қоймақ. Димаштың айтуынша, бұл кеште ерекше форматтағы әндер шырқалады. Сондай-ақ түркиялық белгілі өнер иелерімен дуэт орындайды. Айта кетейік  Босфор жағалауындағы стадионға 42 мың көрермен сияды. Билеттер 9 ақпаннан бастап сатылған. Түркия басылымдарының жазуынша, Димаштың жеке кешін тамашалауға әлемнің 41 елінен жанкүйерлер келген.

Бұл - португалиялық 23 жастағы Ларо Алейшо. Ол бүгінде әлеуметтік желіде қазақ тілінде ән шырқап, көптің көзайымына айналып үлгерді. Оның айтуынша, ана тілімізді үйреніп, халық әндерімізді орындауға Димаштың өнері өз ықпалын тигізген. Әншінің әлеуметтік желідегі қазақша ән айтқан бейнежазбалары 100 мыңға жуық қаралым жинаған. Сонымен қатар Ларо 2019 жылы елордада өткен халықаралық ән байқауына да қатысып, тыңдармандардың ерекше ықыласына бөленген. Жас әнші арнамызға сұхбат беріп, Қазақстанға тағы келгісі келетінін және ұлттық мәдениетімізбен танысуға ниетті екенін айтты.

Лара Алейшо, әнші:
Мен қазақша ән айтуды Димаштың арқасында үйрендім. Мен оның шығармашылығымен Қытайда өткен «The Singer» бағдарламасында таныстым. Мен оның дауысына ұқсас дауысты ешқашан естіген емеспін. Содан кейін мен оның бейнебаяндары мен қазақ тілінде шырқаған әндерін қарай бастадым. Мен сіздердің ана тілдеріңізге деген құрметім шексіз. Бүгінде қазақ тілінде үш әнді еркін орындаймын. Мағынасын түсіне қоймасамда, қазақша әуенді жүрегіммен сезінемін. Мен Қазақстанда болдым. Жақын арада тағы келіп, мәдениеттеріңізбен танысамын.

Ақмаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу