Президент Сингапурдың СІМ арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісін Қазақстанға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Сингапурдың СІМ арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісін Қазақстанға шақырды

24.05.2024

Қазақстан Президенті алып державалармен берік саяси диалог орнатқан нағыз дипломат. «Ақорда» арнайы жобасына сұхбат берген Сингапурдың Сыртқы істер министрлігі арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісі осылай деді. Президенттің ескі досы Томми Ко Сингапурде Қасым Жомарт Тоқаев оқыған дәріске қатысып, оған сұрақ та қойды. Ұзақ уақыттан кейінгі кездесуде Мемлекет басшысы елшіге ізгі ілтипатын білдіріп, Қазақстанға шақырды.

Томми Ко, Сингапур Сыртқы істер министрлігі арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісі:
Мен оны аса құрметтеймін. Дипломаттың білімі мен тәжірибесіне, іскерлігіне тәнтімін. Бір жағынан, Батыс пен Азиядағы екі держава арасындағы дипломатиялық байланысты айтуға болады. Бұл - ерекше қабілет. Президент өте талантты, жан-жақты адам.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу