18 жасқа толған адам МӘМС-ке жарна төлеуі тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

18 жасқа толған адам МӘМС-ке жарна төлеуі тиіс

24.05.2024

18 жасқа толған адам МӘМС-ке жарна төлеуі тиіс. Яғни, бала кәмелеттік жасқа толғаннан кейін/ мемлекет тарапынан сақтандырылмайды. Ал, биыл мектеп бітіретін түлектердің бір шамасы 18 жасқа толды. Олар, тегін медициналық қызметке жүгіну үшін жарна төлеуі тиіс пе? Маманнан сұрап, білдік.

Марат Хавсемет, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» қоры Астана қалалық филиалы басшысының орынбасары:
Мысалы қаңтар айының бірінде немесе қаңтар айында 18 жасқа толып қойған оқушы болса, мектепті бітіргенге дейін оның сақтандыру мәртебесі сақталады. Оқуға түсіп кетіп жатқан жағдайда, күндізгі оқу үлгісіндегі студенттерге ары қарай мемлекет төлей береді.

Ал, мемлекет 14 санат бойынша, халықты тегін сақтандырып келеді. Яғни 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, зейнеткерлер, студенттер, мүгедек адамдар, «Күміс», «Алтын» алқа иегерлері, сондай-ақ, әлеуметтік көмек алушылар мен жұмыссыз ретінде тіркелгендер тегін медициналық көмек ала алады. Олар үшін мемлекет жарна төлеп жатыр. Ал, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, тегін мединицалық қызметке жүгінуі үшін қаражатты өздері төлеуі тиіс. Ол үшін ұялы телефонда банк қосымшасы болса жеткілікті. Ол жерде «төлемдер» деген батырманы басып, «айыппұл» салық деген бөлікті таңдау қажет. Оның ішінде, «өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін аударымдар» деп аталатын бөлік бар. Осы батырманы басып, «міндетті әлеуметтік сақтандыруға жарналар» дегенді таңдап, төлем жүргізу қажет. Жарна құны 4250 теңге. Сақтандырылмаған, жарна төлемеген адам/ медициналық қызметке тегін жүгіне алмайды.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу