Армения мен Грузия шекарасында төпелеп жауған жаңбырдан өзендер арнасынан асып, ауылдарды су басты. Соңғы мәліметке қарағанда, Арменияда 1 адам қаза тауып, жүздеген тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Ал Грузияда 15 елдімекен тасқынның ортасына қалды, деп хабарлайды «Интерпресс» агенттігі. Аймақта автомагистральдар мен теміржол жабылып, екі ел арасында пойыз қатынасы тоқтаған.
Арыстан Рысбек