«Қостанай» жылқысының республикалық бәйгесі өтті. Ат жарысы 18 шақырымға дейін созылды. Жүлде қоры 19 млн теңге. Мұндай сайыс алғаш рет 2022 жылы ұйымдастырылған. Оған қырық ат қосылған еді. Биылғы бәйгеге 70-тен астам арғымақ шықты. Тобыл өңірінде қылқұйрықтың осы тұқымын шығару жұмысы 1887 жылы басталып, 1951 жылы аяқталған. 1965 жылы Қостанай жылқысы 45 мыңға болса, қазір олардың саны 300-ге жетпейді. Сондықтан оның тұқымын сақтап, көбейту үшін арнайы заң жобасы дайындалды. Бұл жоба жуырда Парламенттің төменгі палатасында мақұлданып, Сенатқа жіберілді.
Тастанбек Есентаев, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті:
Және республикалық комиссияның шешімімен Қостанай жылқысын субсидиялауға 600 млн теңгеге жуық ақша бөлінді. 5 жылға. Осыны Қостанай жылқысымен айналысып жатқан, шаруалар, қожалықтардың алуына мүмкіндіктері бар.
Дәуренбек Әбдібек