Шығыс Қазақстан облысындағы Маралды ауылы абаттанып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысындағы Маралды ауылы абаттанып келеді

27.05.2024

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы Маралды ауылының инфрақұрылымы жаңартылып жатыр. Биыл елдімекен ішіндегі үш шақырым жолға асфальт төселіп, көше жарықтандырылады. Ал аудан орталына баратын 75 шақырым жолдың 13 шақырымға жуығына асфальт бар. Биыл тағы 15 шақырымы жөнделмек. Ауылда балалар ойнайтын алаңқай жаңартылып, футбол алаңы салынбақ. Екі жыл бұрын су құбыры тартылған. Зейнеткерлер мен жалғыз ілікті жандарға және көпбалалы отбасылар орталық құбырға тегін қосылды. Алдағы 1-2 жылда ауылдағы мәдениет үйі жөнделіп, сапалы интернетпен қамтылмақ.

Қинаят Құнанбаев, Маралды ауылының тұрғыны:

Міне, осы 2 жыл болды су тартқалы. Біз екі ойлы болып жүргенбіз су келе ме, келмей ме деп. Міне, осы 2-3 күн болды суды үйге кіргізіп қойды. Бәленбай жыл суды өзеннен, құдықтан әкеп жүретінбіз. Енді, міне үйден алатын болдық.

Бауыржан Сейілханов, Маралды ауылдық округінің әкімі:

Футбол алаңы мектептің маңайына салынатын дүние жерін белгіледік. Мердігер белгілі. Биыл Маралдыны қоспағанның өзінде балалар алаңы Үшбұлақта да салынады. Үшбұлақ осы ауылдық округтің өзіне кіріп тұрған мекен.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу