Атырауда Сарыөзек каналы бойындағы шаруа қожалықтары қауіпсіз аймаққа көшіріліп жатыр. Еркінқала ауылдық округі аумағында арнаны жағалай 30 шаруа қожалығы орналасқан. Бестал ауылының маңы қауіпті болғандықтан, төтенше жағдай жарияланғаннан бері 6 шаруашылық малын көшіріп әкеткен. Ал қалған 9-ына бүгін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өткен аптадан бері Махамбет және Индер аудандарында Жайық өзенінің деңгейі төмендеп келеді. Бірақ Атырау қаласында қауіп сейілмей тұр. Гидробекеттегі су деңгейі бүгін 599 см-ге жетті. Қазір жауапты мамандар бөгеттерді қосымша нығайтып, кезекшілікті күшейтті.
Нұржан Ермұханов, қала әкімінің орынбасары:Екінші бөгетімізді толықтай дайындап қойдық. Бірақ бірінші бөгеттен суды өткізбей жатырмыз. Су деңгейі бірқалыпқа келеді деп ойлаймыз. Бір, екі апта бойы сол су деңгейі ұсталады деп болжамдап отырмыз.
Нұрсұлтан Нұрсейіт