Президент Түрікменстанның Сыртқы істер министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Түрікменстанның Сыртқы істер министрін қабылдады

27.05.2024

Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады. Мемлекет басшысы қазақ-түрікмен қатынастарының қазіргі жай-күйіне оң баға берді. Ал, Рашид Мередов Астанамен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге Ашхабадтың бейілді екенін растады. Кездесуде сауда-экономика, энергетика және көлік-логистика салаларындағы ірі жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Біз Түрікменстанды сенімді стратегиялық серіктес және тарихи тұрғыдан туыс мемлекет ретінде қарастырамыз. Шын мәнінде, соңғы жылдары елдеріміз арасындағы ынтымақтастық қарыштап дамып, соның ішінде экономиканың стратегиялық салалары тың қарқын алды.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу