Түрікменстандағы кино мамандары «Қорқыт» баба туралы фильм түсірмекші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрікменстандағы кино мамандары «Қорқыт» баба туралы фильм түсірмекші

28.05.2024

«Qazaqstan» телеарнасы түсірген «Қорқыт» тарихи телехикаясы түркітілдес елдердегі көрерменнің қызығушылығын тудырды. Түрікменстандағы кино мамандары да тарихи тұлға жайлы фильм түсірмекші.

«Қорқыт» – Ұлттық арнаның өзге мемлекеттермен бірлесе түсірген алғашқы ірі жобасы. Телехикаяның кейбір эпизодтары Хиуа қаласында түсірілген. Тарихи драма өзбек тіліне аударылып, дубляждау процесіне таңдаулы актерлер атсалысқан. Туынды биыл жыл басында Өзбекстан мемлекеттік телеарнасынан көрсетілді.

 Сахисалих Байрамов, «Түрікменфильм» бірлестігі төрағасының орынбасары, кинорежиссер:

Қазақстандық әріптестерімнің «Қорқыт» фильмін түсіргенінен хабардармын, туындыны толық көріп шықтым, маған өте ұнады. Аты аңызға айналған Қорқыт бабамыз бүкіл түркі әлеміне ортақ. Біз оны «Қорқыт дәдә» дейміз. Осы тарихи тұлға жайлы біз де келешекте ауқымды дүние түсіруді жоспарлап отырмыз. 

Базаркүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу