Өскеменде бір адам боррелиоз ауруына шалдықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде бір адам боррелиоз ауруына шалдықты

28.05.2024

Өскеменде бір адам боррелиоз ауруына шалдықты. Бұл кенеден тарайтын індет. Науқас дер кезінде дәрігерге жүгінген. Қазір жағдайы жақсы, - дейді мамандар. Зиянды жәндік шаққан адам медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда мүгедек болып қалуы да мүмкін.

Облыстық санитарлық Эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мәліметінше, биылғы көктемнен бері 1 904 адамды кене шаққан.


Хабарламаларға жазылу