Таразда заманауи үлгідегі зәулім қамал салынып жатыр. Ежелгі тарих пен ертедегі мәдениет нышаны ұштасқан нысан Тектұрмас этно-тарихи кешенінен бой көтере бастады.
Көне қала қорғаны стилінде салынып жатқан "Ежелгі бекініс" ғимаратында амфитеатр, көрме және мұражай дәліздері болады. Қамалдың биіктігі - 12 метр. Қазір құрылыс 45 пайызға аяқталған. Аумағы 4 гектарға жуықтайтын тарихи орын биыл қыркүйекте пайдалануға беріледі. «Таза Қазақстан» акциясы аясында кешеннің айналасы абаттандырылып жатыр. Жаңа жолдар төселеді. Биыл аймақта 800 шақырым жол жөнделеді. Бұған бюджеттен 25 млрд теңге қарастырылған.