Алматыда қазақ тілінде заң дайындау мәселелері талқыланды. Сарапшылар қазақ тілінде қабылданған заңдарға ревизия жасау қажет деп есептейді. Себебі, аудармашылар оның құрылымы, ұғымдары және жүктемесінен бейхабар болды, - дейді мамандар.
Түсінісе де заңның мәніне, мағынасына араласа алмағанын айтады. Қазір үкіметте қазақ тілінде төрт заң дайындалып жатыр.
Абзал Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты:
Осыншама қабылданған мыңдаған заңдарды қайтадан ревизия жасап шығудың өзі өте үлкен штатты қажет етеді. Ол депутаттардың қолынан келмейді. Біздің жалғыз көмекшімізден басқа жұмсайтын адамымыз да жоқ. Сондықтан бұл жұмыс басталса бірнеше жылға созылады деп ойлаймын. Бірақ, қалай болған жағдайда да ұлттық заңнамамызды бір ретке келтіріп алуымыз қажет.