Вашингтонда қазақтың халық әндері орындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вашингтонда қазақтың халық әндері орындалды

28.05.2024

Вашингтонда Азиялық америкалықтардың мұрасының мәдени іс-шаралар айлығы өтіп жатыр. Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінде ерікті жастардан құралған оркестр өнер көрсетіп, «Япурай», «Дударай», «Назқоңыр» және «Бозайғыр» секілді қазақтың халық әндерін орындады.

Жалпы бұл жастар тегін мәдени шараларға қатысып, қоғам өміріне атсалысып келеді. Солардың қатырында өнер көрсеткен қазақстандық жас музыкант Аруай Жүсіп те қазақтың кең жазирасын әуезді скрипка үнімен жеткізіп, көрерменді тәнті етті.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу