Шығыс Қазақстанда балық шаруашылығын дамыту қарқын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда балық шаруашылығын дамыту қарқын алды

28.05.2024

Шығыста балық шаруашылығын дамыту қарқын алды. Бұрынғы қирап қалған тоғандар мен уылдырық шығарып, шабақ өсіретін кешендер қайта құрылуда. Қазір өңірде мүлде болмаған балықтың бірнеше түрінің шабақтары су айдындарында жіберіліп жатыр. Бұл осы салада талай жылдан бері еңбек етіп жүрген ғалымдар еңбегінің нәтижесі.

Алқандай болып өскенге дейін мамандар арпалысып жұмыс істейді. Өйткені уылдырықтан дернәсіл одан шабық шығару өте күрделі құбылыс. Уылдырығы алынатын балық түріне қарай жеке өсіріледі.

Олжас Керейхан, Тілші:

Шаруашылықтың тоғандарында қыстап шыққан балық, дәл осындай қарапайым тәсілмен сүзіліп алынды. Одан соң арнайы цехқа апарып улдырығын сығып алған соң қайтадан шарушаплықтың басқа тоғандыраны өсім ретінде жіберіледі.

Ауланған әр балықтың аналық пен аталағы анықталған соң, салмағы өлшеніп, кешеннің ішіндегі қазындықтарға жіберіледі. Бірнеше күннен кейін уылдырығы алынады.

2017 жылы қайта жаңығрға зауыт қазір тұқы мен ақ амур балығын өсіріп жатыр. Тұқы өңірдегі өзен-көлдерде бұрыннан бар. Ал ақ амурдың уылдырығынан дернәсіл одан шабақ шығару алғаш рет қолға алынды.

Гүлдана Маратова, Балық шаруашылығы орталығының ғылыми қызметкері:

Ақ амур балығын табиғи су айдындарда балықтандыру. Бұл жобаның ең басты ерекшелігі үшінші балық өсіру зонасы болып саналады. Ақ амур балығын негізі қолдан өсіру қиын. Көп практикада қолданылмаған. Бірақ біз шаруашылықпен бірілесіп сол практиканы жасап енгізіп жатырмыз.

Шабақ өз қорегін таба алатындай болғанда тоғандарға жіберіледі. Жалпы 1960 жылы құрылған зауыт соңғы 30 жылда қолдан-қолға өтіп, соңында банкрот болды. Тек 2019 жылы республикалық балық өсіру ғылми шаруашылығына берілді.

Сымбат Әнуарбеков, Уылдырық шаруашылығының директоры:

Келген кезде 1 миллион дана шабақ алатын болсақ, былтырғы жылдың көрсеткіштері бойынша 5 миллион данаға дейін жеткіздік. Осы қаутттылығы 13 миллион дана шабақ алуға қуаттылығы бар. Бұл қуаттылықты 50 миллион данаға дейін өсіруімізіге болады.

Қазір шаруашылықта отызға жуық адам тұрақты еңбек етеді. Барлығы да ауыл тұрғыны. Ал шабақты Абай, Павлодар Ақмола, Қарағынды обылстарына жіберіп келеді.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу