Еуропалық Одақ Қазақстанмен өзара тиімді сауда-экономикалық байланысты нығайтуға күш салады. Былтыр біздің еліміз Еуропа нарығына 702 миллион еуроға ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаған. Алматыда Еуропалық Одақтың азық-түлік өндіретін 40 кәсіпорны қазақ бизнесмендерімен кездесті.
Еуропа елдері қазақстандық тұтынушылардың көңілінен шығатын сапалы, қауіпсіз азық-түлік тасымалдауға ниетті. Ал Қазақстан агроөнімдер экспортын арттыруға күш салады.
Януш Войчеховски, Еуропалық ауыл шаруашылық комиссары:
Мәселен, Қазақстанның танымал өнімі – Алматының атақты апортын әлем жұрты біледі. Біз де өзіміздің сапалы тауарларымызды ұсынып, ішкі нарыққа қадам жасасақ дейміз. Әрі екі жақтың кәсіпкерлері өзара байланыс орнатады. Қазақстан – Еуроодақтың Орталық Азиядағы басты сауда серіктесі. Сондықтан осындай кездесулердің маңызы зор. Сауда байланысын нығайту үшін Астанада да кездесулер өткізу жоспарланып отыр.
Жазира Оразқызы