Өңдеу өнеркәсібіне қатысты жобалар айқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өңдеу өнеркәсібіне қатысты жобалар айқындалды

28.05.2024

Елімізде өңдеу өнеркәсібін өркендету үшін негізгі ірі жобалар айқындалды. Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың айтуынша, олар металлургия, химия, мұнай-газ химиясы, автомобиль жасау және өзге де салаларға қатысты. Барлығы 17 жоба. Әрбірі бойынша іске асыру жоспары, мерзімі бекітілген. Оның қатаң сақталып, жүзеге асуын премьер-министр жеке бақылайтынын ескертті.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Аталған жобалар шикізатты терең өңдеуге бағытталған. Біз шикізатты емес, жоғары өңделген тауарларды өндіруіміз қажет. Сонда ғана табыстың көбісі елімізде қалады. Экономиканың күрделілігі өседі. 

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу