Еліміздің тауар өндірушілері үшін салық төлеу тәсілі өзгермек. Мәселен қандай да бір кен орнынан шикізат өндіріп, соны құр сатумен айналысса, салықты көберек төлейді. Ал шикізатты терең өңдеп, одан өнім шығарғандар үшін азырақ болмақ. Сарапшылар бұл еліміздің өңдеу өнеркәсіьін арттыруға сеп болады дейді. Әзірге салықтың қалай есептелетіні белгісіз. Белгілісі бұл норманы жаңа салық кодексіне енгізу көзделген.
Досжан Маратұлы