Алматыда 12 елдің мемлекеттік секторын цифрландыру жобасы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 12 елдің мемлекеттік секторын цифрландыру жобасы талқыланды

29.05.2024

Алматыда «Цифрлы мемлекеттік басқару мен трансформация» атты аймақаралық конференция басталды. Онда 12 елдің мемлекеттік секторын цифрландыру жобасы талқыланды. Жоба Орталық Азия елдері, Тынық мұхиты аумағындағы мемлекеттерді цифрлы басқаруды ілгерілетуге бағытталады. Үш жылға жоспарланған жобаны Корея Республикасы қаржыландырмақ. Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменовтің сөзінше, Қазақстанның цифрлық дамуы халыққа қызмет көрсету тұрғысында жақсы дамып, Біріккен Ұлттар Ұйымы индексінде 30 елдің қатарына енген. Сондай-ақ, ол заманауи технологияларды қолдану арқылы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Сингапур, Корея мемлекеттерінің тәжірибесіне сүйенудің маңыздылығын атап өтті.

Әлихан Байменов, Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы:

Мен кейбір кездері мысал келтіремін, Кореяда Оньян қаласында балалардың, әйелдердің, жастардың қауіпсіздігі үшін керемет жүктемелер жасалды. Ол жүктеме қалада жүргенде өте пайдалы. Сол секілді азаматтардың өздеріне керек, қызмет көрсетуде және Үкіметтің ішкі жұмысын ұйымдастыруда қажет жаңалықтарын алуда.

Вон-Габ Джо, Цифрлы үкімет пен инновациялар офисінің бөлім директоры /Корея/:

Қазақстанның цифрлы трансформация бағытындағы жұмыстары жоғары деңгейде бағаланып отыр. Бүгінгі конференцияда Корея үкіметінің цифрлық дамуына шолу жасап, арнайы платформаны таныстырдық. Біз елдер арасында білім мен тәжірибе алмасуға әрдайым ашықпыз.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу