«Мың бала» ұлттық олимпиадасының жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мың бала» ұлттық олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

29.05.2024

Республикалық «Мың бала» ұлттық олимпиадасының жеңімпаздары анықталды. Бүгін елордада олимпиадаға қатысқан 83 318 оқушының арасынан үздік 1000 баланың есімі аталды. Жеңімпаздар қала мен өңірлердің таңдаулы, мамандандырылған мектептеріне жолдама алды. Енді олар дарынды балаларға арналған еліміздің жетекші мектептерін өздері таңдап, ұнағанына өтінім жібереді. Айта кетейік, «Мың бала» олимпиадасы жылда 6 сыныптар арасында өтеді.

Абылайхан Қайроллаев, Олимпиадалық дайындық орталығының жетекшісі:

Қазіргі таңда бізде Қазақстанда ауылда 159 мың оқушы білім алады 6 сыныптар. Соның 52 пайызы, яғни 83 мыңы біздің олимпиадамызға қатысты. 533 оқушыға арналған квотамыз бар 97 мектепте. Қазіргі таңда 363 оқушымыз осы мектептерге өтінім берді. Өтінімдер 31 мамырға дейін созылады.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу