Жылу электр орталықтары жоспардан тыс тексерілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жылу электр орталықтары жоспардан тыс тексерілуі мүмкін

29.05.2024

Енді жылу электр орталықтары жоспардан тыс тексерілуі мүмкін. Мәжіліс бүгін осы саладағы ірі кәсіпорындардың жауапкершілігін күшейтетін заң жобасын мақұлдап, Сенат қарауына жіберді. Бұған дейін жылу энергетикасына қатысты заң немесе оған жауапты бірыңғай уәкілетті орган болмаған. Соның кесірінен салаға бақылау жүргізілмей, қараусыз қалды, дейді депутаттар. Қазір жылу желілері мен қазандықтардың 53%-ы әбден тозған. Құжат мақұлданса, компанияларға заңмен қатаң талаптар қойылады және тариф мемлекет тарапынан реттеледі.

Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Халықтан түскен ақшаны олар өздеріне жөндеу жұмыстарына немесе модернизация жұмыстарына жүргізілуі керек. Егер олар белгіленген тарифтегі өздерінің шығындарын дұрыс пайдалана алмаса, жауапкершілік артылады және айыппұл салынады.  Тарифті алдың ба, бекіттің бе, бұл жерде қаралған бүкіл жұмыстарды сен атқаруың керек. Атқармайсың ба, саған сұрақ қойылады.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу