Қазгидромет: Іле гидробекетінде су деңгейі көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: Іле гидробекетінде су деңгейі көтерілді

30.05.2024

Тағы бір өзенінде су деңгейі көтерілді. Мұны «Қазгидромет» хабарлады. Іле өзенінің гидрологиялық бекетінде, яғни Қапшағай су электр станциясынан 164 шақырым жоғары аумақта су деңгейі 498 см-ге жеткен. Қауіпті меже 500 см. Мамандар мұны Қытай Халық Республикасы аумағынан келетін ағын судың көбейгенімен байланыстырады. Синоптиктер су деңгейі шекті деңгейген асқан кезде, өзендердің жайылмалары маңында орналасқан елдімекендерді, шаруашылықтарды, жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады деп ескерту жариялады.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу