Жанартау атқылады: Исландияда төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанартау атқылады: Исландияда төтенше жағдай жарияланды

30.05.2024

Исландияның Рейкьянес түбегінде жанартау қайта атқылай бастады. Одан аққан ыстық лава 50 метрден астам биіктікке шашырап жатыр. Осыған байланысты төтенше жағдай жарияланған. Қауіпті аудан тұрғындарына басқа жерге көшуге кеңес берілді. Грендавикте сақтық шарасы ретінде электр жарығы өшірілді. Қалаға апаратын жолдар жабылған. Бұл жанартау желтоқсаннан бері осымен бесінші мәрте атқылап жатыр.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу