Газа секторында жұқпалы ауруға шалдыққан тұрғындардың саны 700 мыңға жетті. Олардың арасында балалар да бар. Мұны палестиналық доктор Хасан әш-Шайер «Рейтер» агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Айта кетсек, Хамас-Израиль соғысы былтыр қазанның 7-де басталды. Содан бері Газада 1,7 миллион адам үйлерін тастап кеткен. Олар тұрып жатқан уақытша лагерлерде қоқыс үйіліп, санитарлық жағдай нашарлаған. Бұған қоса, анклавта ауыз су мен дәрі-дәрмек тапшы. Ал ауруханалардың көбір Израиль әскерінің бомбалау операциялары мен зымырандық соққыларынан қираған.
Арыстан Рысбек