Екібастұзда магистральдық желілерді 20 бригада жөндейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұзда магистральдық желілерді 20 бригада жөндейді

30.05.2024

Екібастұзда магистральдық желілерді ауыстыру қарқын алды. Бұл сынақ жұмыстарынан кейінгі көріністер. Магистральдік қысым жұмыстары басталған 4 күн ішінде 82 жерден ақау шыққан. Салдарын жою үшін бірден 20 жөндеу бригадасы жұмылдырылды. Шаһарға ыстық су беру кезең-кезеңімен іске асырылады.

Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі:
Маусымның алтысында жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталады. Көпқабатты 89 үйге су беріледі. Содан кейін 2-ші және 4-ші магистральде сынақ басталады. Ол кезде 147 үй ыстық судан ажыратылады. Араға 10 күн салып қайта беріледі. Бұл қаланы тұтастай ыстық сусыз қалдырмаудың ең тиімді жолы деп санаймын. 

Биыл Екібастұзда үш шақырым жылу магистралі жаңартылады. Қазір жылу электр орталығындағы су жылыту цехында 15-ші қазандық күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бес сорғы ауыстырылады. Бұл жұмыстар келесі жылыту маусымы еш қиындықсыз, сенімді өтуге кепіл береді.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу