Qazaqforum: Медианың өзекті мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Qazaqforum: Медианың өзекті мәселелері талқыланды

30.05.2024

Әлемде қазақша контент үлесі тым аз. Жасанды интеллектің де қазақша сұранысты толық орындамауының себебі де осы. Сондықтан, қазақша контент үлесін арттыру керек. Жетінші рет ұйымдастырылған Qazaqforum-да осы тектес өзекті мәселелер талқыланды. 

Qazaqforum. Бұл қазақша контент ұсынатындар басқосатын алаң. Биылғы шараға 300-ден аса адам жиналды. Солардың бірі - Жанар Жолтаева. Журналист маман бұл форумға Алматыдан арнайы келген.

Жанар Жолтаева, қатысушы:
Қоғамға пайдалы мәселелер талқылайтын жерлер, алаңдар, орталар көп болуы керек деп ойлаймын. Себебі, қазақ аудиториясының кішкене ақпарат жағынан тапшылық көріп отырғаны рас.

Форумда 360 форматта түсірілген арнайы репортаж көрсетілді. Бұл түсірілімнің ерекшелігі көрермен алдыңдағы, жанындағы, артындағы бір сөзбен айтқанда жан-жағындағы көріністі бірден көре алады. Оны көру үшін арнайы көзілдірік немесе ұялы телефон болса жеткілікті. Ал, шараға қолдау білдірген АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі.

Джуди Куо, Қазақстандағы АҚШ-тың елшісі міндетін атқарушы:
АҚШ елшілігі жетінші мәрте осы форумды өткізіп жатыр. Себебі, мықты медиа кез-келген қоғамның болашағы үшін маңызды.
Жанасыл Болатбек, QazaqForum ұйымдастырушысы, Қазақша әлеуметтік желінің сарапшысы:
Форумның мақсаты - контент өндірушілерге жаңалықтарды ұсынып отыру.

«Болашақтың дидары. Жаңа технологиялар және медиа» атты форумда түрлі тақырыптарда панельдік сессиялар ұйымдастырылды. Форумда жасанды интеллект мәселесі талқыланып, шеберлік сағаттар өтті.

 Бақдаулет Бекжанов, форум спикері:
Жасанды интелектің түрлері байланысты графикалық жасанды интеллекті бір-екі аптаның ішінде үйренуге болады. 
Самал Қабышева, тілші:
Ұйымдастырушылар биылғы форумда жаңа технологиялардың мүмкіндіктеріне басымдық берген. Яғни, кез-келген контент жасаушы жасанды интеллектің көмегімен жұмыс істеуге дағдылану керек дейді.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу