Елімізде босқын куәлігінің үлгісі бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде босқын куәлігінің үлгісі бекітілді

31.05.2024

Елімізде босқын куәлігінің үлгісі бекітілді. Құжат халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес дайындалады. Мұқабасы көк түсті, тозбайтын материалдан жасалады. Бетінде елтаңба бейнесімен қоса құжаттың және мемлекетіміздің атауы қазақ және ағылшын тілдерінде алтын түстес фольгамен түсіріледі. Көлемі - 88 де, 125 миллиметр. Бірінші бетінде құжат иесінің аты-жөні, туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі жазылады. Сондай-ақ босқын деп танылғанын және Қазақстан Республикасының қорғауында болатынын растайтын мәліметтер қоса жүреді. Босқын куәлігінің 9-шы мен 11-ші беттері ерекше белгілер қалдыруға арналады. Түсіндірме жазбалардың барлығы қазақ және ағылшын тілдерінде жазылады.

Қаракөз Тұрмағамбет

Хабарламаларға жазылу