Нью-Йорк соты Дональд Трампқа 34 айып тақты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нью-Йорк соты Дональд Трампқа 34 айып тақты

31.05.2024

Нью-Йорк сотының қазылар алқасы АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа 34 айып тақты. Бұл пункттер - 2016 жылғы сайлау қарсаңында порноактриса Стрми Дэниелске төленген ақшаның көлемін жасыру туралы құжаттарды бұрмалау жайында.

Соңғы мәліметке қарағанда, Трампқа қатысты үкім шілденің 11-де жарияланады. Алайда, Ақ үйдің бұрынғы басшысы өзіне тағылған кінәлардың ешқайсын мойындамай отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу