Павлодар облысында аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы сотталды. Енді ол үш жыл түрмеде отырады. Оның сыртында мемлекетке келтірілген 80 млн теңгеге жуық шығынды өтеуі тиіс. Мемлекеттік қызметкер Ертіс ауданындағы ауылдық округке тиесілі 3 мың гектар жердің құжатын ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға болады, деп базаға жалған мәлімет толтырып, ірі шаруашылық иесіне беріп жібереді. Ал бұрын бұл учаскелерге малын баққан ауыл тұрғындары жайылымсыз қалған.
Абылай Көшербаев, Павлодар облысы Прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау департаментінің аға прокуроры:
Осындай әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке жерді жалға алу сомасы 80 млн теңгеге төмендету түрінде залал келтірілді. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жерлер мемлекетке қайтарылды және қазір жергілікті халықтың ортақ пайдалануына берілді.
Болат Аманбаев