Алматыда балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара өтті

31.05.2024

Алматыда балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара өтті.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы қатерлі дертке және сирек кездесетін ауруларға шалдыққан балғындар үшін мұндай мейрамды жыл сайын өткізеді. «Басты мақсатымыз – ауруханада ұзақ уақыт ем алатын бүлдіршіндердің көңілін көтеріп, қуаныш сыйлау»,-дейді дәрігерлер. Балғындарға концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, анимациялық кейіпкерлер жарыстар мен түрлі қызықты ойындар өткізді. Мерекелік шарада бүлдіршіндерге сыйлықтар таратылды. Бұл орталықта жыл сайын өңірлерден келген 6 мыңнан аса бала ем алады.

Ләззат Манжуова, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Оның ішінде 3,5 мыңнан аса бала онкологиялық және гемотологиялық дертіне шалдыққан. Әрине, олардың емделу барысы өте ұзақ, қиын. Сондықтан бір күнге болса да, балалардың көңіл-күйін көтеру. Тек қана онкологиялық аурулармен ауыратын балалар ғана емес, педиатриялық аурулармен ауыратындар, нәрестелер де жатады.

Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу