Ұлттық музейде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аясында «Тарих тағылымы» атты көрменің ашылуы өтті. Онда Алаш арыстарының фотосуреттері, жеке заттары және архивтік құжаттары қойылған. Олардың арасында Міржақып Дулатовтың тайжақысы, Ахмет Байтұрсыновтың оқулықтары, Әлімхан Ермекұлының қолжазбасы мен Ілияс Жансүгірұлының күнделігі, Сәкен Сейфуллиннің жеке заттары бар.
Бауыржан Рахымғалиұлы, «Мемлекет тарихы институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің аға ғылыми қызметкеріМұны біз жас ұрпақтарымызғада айтып отыруымыз керек. Сонымен қатар, шетелдерден келген адамдарғада айтып отыруымыз қажет. Біз тарихымызды көрсете отырып, Қазақстан халқының мейірімділігін, бауырмалдылығын, бейбітшілікке ұмтылғанын көрсетсек жер жүзіндегі рейтингіміз көтеріледі.