«Astana Motors» Қытайдың танымал автокөліктерін шығарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Astana Motors» Қытайдың танымал автокөліктерін шығарады

31.05.2024

Келер жылдан бастап «Astana Motors» компаниясы қытайлық танымал автокөліктерді шығара бастайды. Жаңадан салынып жатқан кәсіпорынға жақын арада «АвтомотИв ИнжинИринг Корпорейшн» компаниясының құрылғыларын орнатады. Бұл алпауыт автоөнеркәсіп - BMW, Mercedes-Benz, Toyota, Jaguar, LandRover сияқты көліктердің жабдықтарын шығарумен айналысады.

Индустриалды аймақта салынып жатқан кәсіпорынға өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапбаев барып, қазіргі жұмыс қарқынымен танысты.

Қазір Қазақстанда ресми түрде қытайлық 18 автокөлік сатылады. Чери, Хавейл, Тэнк, Чанъань және Джи Дабл ю Эм көліктерін «Astana Motors»  ұсынып отыр. Олардың үшеуі қазақстандықтардың арасындағы танымал 10 темір тұлпардың қатарында дейді компания өкілі.

Ақылбек Анарбаев, «Astana Motors»  компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры: 
2025 жылы «Astana Motors-тың» заманауи зауытынан өндірілген Чери, Хавейл, Тэнк, Чанъань көліктерін Қазақстан Республикасының аумағындағы дилерлік орталықтарда сатып алуға болады. Бұл жоғарыда аталған заманауи зауытта 3600 қазақстандықтар жұмыспен қамтылады. 

Мультибрендті зауыттың құрылысында қазір 600 адам жұмыс істейді. Оның 95%-ы – жергілікті мамандар. Жоба инженер кадрларды даярлауға және ел экономикасын көтеруге оң ықпал етпек.

Авто дүкен сатушылары қазіргі таңда ел азаматтарының арасында қытайлық көліктерге сұраныс артып жатқанын айтады. Оларға сапалы қызмет көрсету – біздің басты міндетіміз дейді.

Алина Орынбасар, жаңа автокөліктер бөлімінің менеджері: 
Былтырдан бері әр жұма сайын біздің компанияда қазақ ұлттық киімдерді біз киіп келеміз. Бұл біздің клиенттерге ерекше көңіл-күйді, ерекше сезім сыйлайды. 

«Astana Motors» осы күзде көлік жабдықтарын шығаратын өндірісті іске қоспақ. Осылайша компания қазір жұмыс істеп жатқан кәсіпорын мен логистикалық орталықта жұмыс істейтін қызметкерлерді қосқанда, 6 мың адамды жұмыспен қамтымақ.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу