Президент Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматыда ұйымдастырылған «Jas Galym. Science Quest» фестиваліне барып, балаларды мерекелерімен құттықтады. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін фестиваль биыл ғылым тақырыбына арналған. Шараға қатысқан әріптесім Оңғар Алпысбайұлы жалғастырсын.
Оңғар Алпысбайұлы, Тілші:
Бүгін Алматы қаласының бүлдіршінедрінің мерекесі өте көңілді өтіп жатыр. 1,5 мыңнан астам бала осы алңға, балафест фестиваліне жиналған. Оларды мерекесімен құттықтауға мемлекет басшысының өзі арнайы келді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қала оқушыларымен бірге «Science», «Engeneering», «Art», «Technology» және «Mathematics» станцияларын аралап көрді. Квест форматында ұйымдастырылған шарада оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын таныстырды.
Мұндағы құрылғылардың бәрі балалардың қиялы мен ұшқыр ойынан жасалған. Мәселен Шолпан кішкентайынан заманауи технология мен ғарышқа құмар. Қазақстандық мектеп оқушыларының ішінен бірінші болып, жасанды жер серігін ұшырған.
Шолпан Аманкелді, 11 Сынып Оқушысы:
Бұл спутник Озон қабатын тағы да басқа химикалық частицаларды зерттейді. Мысалы қандай да бір өрттен кейін немесе экологиялық климаттық өзгерістерден кейін озон қабатын зерттеу қажет. Себебі бұл адамдардың денсаулығына әсерін тигізеді.
Биылғы шара ғылыми квест түрінде ұйымдастырылды. Қатысушылар жас ғалымдардың жасаған туындыларын өздері басқарып, түрлі тапсырмаларды орындаулары тиіс.
Әмір Мереке, 7 сынып оқушысы:
Бұл робот даяшылардың жұмысын жеңілдетуге бағытталған. Тіпті адам жаған қателіктерді жасамайды. Келушілермен сөзге келмейді, ыдыстарды құлатып, сындырмайды. Ал бүгінгі квестте қатысушылар робот даяшымызды өздері басқарып, кедергілер арқылы ыдысқа құйылған суды төкпей өтулері керек.
Қала мектептерінен қажетті өнертабыстарды табу да қиын болмады, - дейді ұйымдастырушылар. Бұл бүлдіршіндердің ғылымға қызығушылығы артып келе жатқанының дәлелі.
Гүлнұр Кәрімқажы, Алматы дарыны орталығының директоры:
Биылғы оқу жылында көптеген ғылыми сайстар болды. Сол сайыстардың бүгінгі күні жеңімпаздары мен жүлдегерлері жиналды. Алматы қаласы бойынша үш санатта: 6-9, 10-14 жас және 15-18 жас үш санат бойынша оқушылардың жұмыстары іріктелді. Жиналып, жеңімпаздары осы алаңға шақырылды.
Санжар Шалқарбеков, Роботехника мектебінің негізін қалаушы
Бұл робот жеткізуші наминациясы. Осы роботты біздің 12 жасар оқушы өзі құрастырып, жақында халықаралық деңгейде өткізілген роботаграндтур чемпионатында осы роботпен бірінші орын алған. – Ал бүгін не істеуі керек бұл робот? – Бүгін бұл робот осы 4 банканы жинап арнайы зонаға алып баруы керек. – Қазір көрсем бола ма? – Болады ғой иә? Негізінгде оңай емес екен.
Оңғар Алпысбайұлы, Тілші:
Мынаның бағдарламысн 12 жасар баланың жасауы деген болашағынан нағыз үміт күттіретін бала екені айдан анық. Бүгінгі балалардың демалысы өте қызық өтетін сияқты. Мына роботты басқару өзіме де ұнап қалды. Тапсырманы орындадым. – Сізге сыйлық. - Құттықтаймын сізді. - Рахмет.
Асыр салып ойнаған балалар... Түрлі тапсырмаларды орындап әлек. Бірқатары Президентпен суретке түсіп те үлгерген.
Фестиваль бағдарламасымен түгел танысқан Президент келешек ұрпаққа зор үміт артатынын айтты. Сондай-ақ жеткіншектердің ғылыми ізденісі мен шығармашылығын шыңдауға үлес қосқаны үшін фестиваль ұйымдастырушыларына ризашылығын білдірді.
Оңғар Алпысбайұлы