«Бірлік – бақытты балалықтың кілті». Таразда осындай атаумен балаларды қорғау күні аталып өтті.
Шараға 2 жастан жоғары бүлдіршіндер мен жас жеткіншектер қатысты. Сайқымазақтардың сахналық қойылымы балалар көңіл-күйін көтеріп, сиқыршының өнері таңданыс тудырды. Барлық балаға ас беріліп, тегін балмұздақ таратылды. Ал достық үйінің ауласында сурет салудан сайыс өтті.
Алуа Ермаханқызы:
Біздің Қазақстанымыз аман болсын. Барлығы ауырмасын. Сөйтіп, сөйтіп күліп жүре берсін. Қазақстан гүлдене берсін. Балаларды қорғау күні құтты болсын!
Дінмұхамед Марат:
Бүгінгі күн ұнады. Балмұздақ жедім. Сурет салдым. Клоун көрдім. Фокус көрдім. Елімізде мен сияқты балалар көбейсін.