Жаз шығабүлдіршіндердің терезеден құлап кетуі, дәретхана шұңқырына түсіп кетуі, суға ағып кетуі сияқты жаның түршігетін оқиға көбейеді. Жол апаттары және бар. Ұлттық статистика бюросының мәліметтерін қарасақ, соңғы мәлімет 2022 жылды қамтиды екен: сыртқы себептерден 14 жасқа дейінгі 701 бала мерт болған. Қайғылы жағдайдың жартысына жуығы жол апатынан, одан кейін – суға ағып кетуден. Айтып ауыз жиғамыз жоқ, бүгін Қызылорда облысында екі, ШҚО бір баланың суға кеткені жайлы ақпарат шықты.
Смартфонға айналып кету, дәлірегі - мәнсіз контент парақтап отыру, сериалдың қызығына түсіп кету, жүгіріп барып дүкеннен бірнәрсе алып келе қоямын деу тағысын тағы. Бір сөзбен қайырсақ- балаға қарамау! Өткенде Астанада 9 жастағы баланы құтқарып қалған 14 жастағы жеткіншекке риза болдық. Жүрегінен айналдық, өресіне қызықтық. Ал 4-қабаттан құлап кете жаздаған баланың ата-анасы сол уақытта не істеп отырды екен, алаңсыз ауқаттанып отырған шығар деп күдіктендік...
Өлім мен өмірдің ортасында тұрған баланың бағына орай Ақан Әкімжанов сол маңнан табылған. 14 жастағы жеткіншек табан астында көмекке тұра ұмтылған.
Ақан Әкімжанов, №31 мектеп-гимназияның оқушысы:
Ол бала ата-анасымен Астанаға қонаққа келген екен. Ата-анасы, қарындасы төртеуі осында серуендеп жүрген. Сосын үйге әжесіне кіретіндерін айтқан. Бірақ бала оны естімей қалған болуы керек. Содан соң шарқ ұрып ата-анасын іздеген. Барлық кіреберісті, барлық қабатты қарап шыққан. Айғайлаған, жылаған, бірдеңелерді тепкен, ұрған... Сосын осында отырып, тұрар кезде қолы тайып кеткен.
Бірақ мұндай кезде үнемі Ақандар кездесе бермейді. 2021 жылы 125 бала терезеден құлап, жиырма бес бүлдіршін көз жұмған. 2022 жылы 10, 2023 жылдың алты айының өзінде 15 бала терезеден құлап, мерт болған.
Жаз шықса талай өмір су түбіне кететіні тағы бар... Тек жыл басынан бері 13 адам суға кетсе, соның екеуі бала.
Ерасыл Сайпаш , ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері:
Елімізде 85 мыңға жуық көлдер және 50 мыңға жуық өзендер бар. Яғни өздеріңіз байқағандай бұны физикалық түрде барлық қызметкерлер толығымен қадағалауға мүмкіндігі жетпейді. Сондықтан ең алдымен балалардың жауапкершілігі қараусыз қалуы ата-аналардың мойнында.
Күні кеше ғана Жезқазғанда көлікті орнынан қозғап жіберген 5 жасар бала бес адамды қағып кеткен еді. Бала өмірін қиятын тағы бір фактор- жол апаттары.
Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
Республика көлемінде 4 айда мың жарымға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелген. Осы жасөспірімдердің қатысуымен. Онда 51 бала қайтыс болып 1700-ге жуық жасөспірім дене жарақатын алған.
Жомарт Сүлейменов, балалар травматологы, ортопед:
Көбінесе жол-көлік оқиғаларында қалалардың алыстығына байланысты жол-көлік оқиғаларында қатты үлкен травмадан болмаса да қан кетуден-ақ өмірден озып кетіп жатыр. Бинтті 6-7 қабаттап дәкелеп сол жараның үстіне басып қатты тартып таңып тастау әрекеті қолданылады. Өйткені басқан кезде сол капиляр да, вена да бірігіп қан ағуы тоқтайды.
Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
Балаларды автокөлікке мінгізген кезде қауіпсіздік белдіктерін, адаптер, бустер, автокресло дейміз ғой соларды қолданбау салдарынан осындай келеңсіз оқиғалар орын алып жатады. Қалғаны жаяу жүргінші ретінде, самокат, велосипед ретінде жол апатына түсіп жатқан оқиғалар.
Елдос Зияда, ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің бас маманы:
Жылдың басынан бері өрттерде 19 бала қаза тауып, 23-і әртүрлі жарақат алды. 19 қаза тапқаның баланың жетеуі қараусыз қалғаны себебінен қаза тауып жатыр. Жыл басынан бері өрт балалардың өртпен ойнауынан болып табылады.
Себебі тағы сол - ата-ана баланы қараусыз қалдырады. Сіріңке, тұтатқыш секілді қауіпті заттардың қолжетімді жерде тұрады.
Елжас Ертайұлы, «Бақытты отбасы» кеңес орталығын құрушы, коуч-тренер:
Баланың көзі жеткен нәрсеге, оның қолы да жетуі керек деген қағида бар. Демек балаға қауіпті болуы мүмкін нәрселер тіпті балаға қолжетімділік емес, көзжетімділіктен де алыс болуы керек. Себебі баланың көзі жетіп тұрса балай қандай да бір жолмен оған жетуге тырысатын болады.
Ал мынау күні кеше ғана Қызылордада болған жағдай. Былтыр жалпы 80-нен астам бала итке таланып, оның үшеуі көз жұмған.
Аржан Сәдуақас, заңгер:
Бізде үй жануарлары азаматтық заңнамаға сәйкес мүлік болып саналады. Біздің мүлік ол. Мәшине сияқты қараймыз да. Сіздің егер мәшнеңіз басқа біреудің өміріне нұқсан келтірсе сіз оған жауапты боласыз. Бұл жерде де солай оларға мүліктік құқықтар жүреді үй жануаларына.
Балалар травматологы Жомарт Сүлейменовтің бір күнде 400-ге жуық жарақат алған баланы қабылдаған кездері де болыпты. Тәжірибелі дәрігер бүлдіршіні бар үйлерге мынадай кеңес айтады.
Жомарт Сүлейменов, балалар травматологы, ортопед:
Ең алдымен үйде қандай жиһаз болса да қабырғаға бекітіп тастау. Екінші мынау ыстық зона дейді ғой ыстық шай қоятын, ыстық тамақ пісіретін аймақтарға балаларды жолатпауға тырысу керек.Ол аймақтар балалардың қолы жетпейтіндей биіктікте және қоршауда тұру керек.+19:56 Мынау жуыну бөлмесінің астына аяқ таймайтындай дорожкаларды төсеп қою. Үйдің ішіндегі қауіпсіздік шараларын ойласа жарақат аз болатынына сенемін.
Қалалық балалар үшін қатер терезе мен көліктен келсе, ауыл балаларына даладағы дәретхана қауіп болып тұр. Олардың алқам-салқам күйі өз алдына, құйттай балалар сонда батып кетіп жатыр... Жақында ғана Түркістанда жоғалған бүлдіршін көрші үйдің дәретханасынан табылған.
Елжас Ертайұлы, «Бақытты отбасы» кеңес орталығын құрушы, коуч-тренер:
Өзіміздің баламыз болмаған кезде балаға қатысты қауіпсіздіктерді ұмытып кетіп жатамыз. Жауапкершілік деген нәрсені сезінетін болсақ туалеттің есігін балалар аша алмайтындай биіктікке қою деген секілді. Бір бала тесікке түсіп кетуін күтпей, бір баланың қандай да бір қиындыққа ұшырауын күтпей бұны жолдырмаудың жолын қарастырсақ.
Дәретханаға құлаған бүлдіршіндер санын Төтенше жағдай, Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрлігінен де, Бала құқығын қорғау комитетінен де сұрадық. Бірақ бәрі де: «Біз бұндай статистика жүргізбейміз» деді. Ал біздің БАҚ беттерінен жинаған стастистикамыз мынадай: Биылдың өзінде осындай үш оқиға тіркелген, біреуі қайғылы аяқталған. Былтыр 4 бала дәретханаға құласа, оның екеуі көз жұмып, екеуі аман алып қалған.
Психолог Елжас Ертайұлы мұның барлығы ата-аналар бала алдындағы жауапкершілікті түсінбеуінен дейді. Құлдыраңдап жүгіріп жүрген бүлдіршіні бар ата-ананың сериал немесе басқа нәрсе көріп, смартфонға жабысып отыруы - нонсенс.
Елжас Ертайұлы, «Бақытты отбасы» кеңес орталығын құрушы, коуч-тренер:
Желі өзінің әртүрлі контентімен қызықты болып тартуы мүмкін. Бірақ қызықты екен деп оның артынан еріп кете беру де қажет емес. Өйткені адам баласына ерік-жігер деген нәрсе берілген ғой. Ата-ана болу үшін бізде арнайы дайындық жұмыстары жүргізілмейді. Әйтеуір көппен көрген ұлы той деп отбасы құра салу, ата-ана бола салу мәселелері жиі кездесіп жатады. Баланы дүниеге алып келу процесіне өзіміз таңдау жасап алып келгеннен кейін оның дұрыс өсіп шығуы үшін де барынша жағдайды қарастырған дұрыс деп ойлаймын.
Елдос Есенбол, тілші:
Екі аптадан соң күшіне енетін «Әйелдер құқығы мен балалар қауіпсіздігі» туралы заңда: құрылыс компанияларын көпқабатты үйлердің терезелерін құлыппен немесе басқа да механизмдермен қамтуға міндеттеген тармақ бар екен. Бұл дұрыс, себебі бір ата-ана жауапкершілікті түсінбейді, бір ата-ана ақшасы аз екенін айтады. Дегенмен баланы азамат қылып өсіру терезеге құлып салуға немесе велосипед тепкенде шлем киюге тіке байланысты емес. Иә, байланысы бар. Бірақ басты постулат- ата-ана жауапкершілгін мейлінше терең түйсіну.
Елдос Есенбол