Мемлекет басшысының Алматыға сапары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысының Алматыға сапары

02.06.2024

Алматы әуежайында жаңа халықаралық терминал ашылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шаһарға сапарын осы нысанды аралап көруден бастады. Әуежай соңғы технологияларды пайдалана отырып, заманауи әрі экологиялық стандарттарға сай салынған. Мысалы, 10 баллға дейінгі жер сілкінісіне төтеп бере алады екен. Ал, құрылысы осыдан екі жыл бұрын басталған. Ескі терминал жылына 2,7 миллион адамға қызмет көрсетуге шақталған. Дегенмен былтырдың өзінде бұдан 4 есе көп жолаушы қабылдаған. Ал жаңа терминал 14 миллион адамға қызмет көрсетуге қауқарлы. Бұл жобаға инвесторлар 780 млн доллар құйған, бүгінге дейін оның 600 млн-ы игерілген. Алдағы уақытта ішкі рейстер ұшатын ескі терминалды жөндеп, үшінші ұшу - қону жолағын салу жоспарланып отыр. Бұл Алматының ғана емес, еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі

Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының жаңа корпусымен танысты. Жаңа ғимарат тәулігіне 500-ден аса науқасты қабылдай алады. Ауруханада тек Алматы қаласының ғана емес, бүкіл Қазақстанның балалары жоспарлы ем-дом алады. Республика бойынша тек осы клиникада жаңа туған нәрестелерде кездесетін асқазан атрезиясы, көкет жарығы (грыжа) секілді туабітті дерттер хирургиялық жолмен емделеді. Ескі ғимарат 1965 жылы пайдалауға берілген. Ал, емделушілер жыл сайын көбейіп келеді. Соңғы үш жылда 30 пайызға артқан. Сол себепті оны да реконструкциялау жоспары бар. Кейін қосымша оңалту, ото-ларингология, офталь-мология орталықтары және жақ-бас сүйек хирургиясы бөлімшелері ашылмақ. Мемлекет басшысы медициналық мекемеге 2 реани-мобиль мен интерактивті тақта сыйға тартты.

Әлібек Смағұлов, Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының директоры:


Хабарламаларға жазылу