Елімізде халық саны бір айдың ішінде 22 515 адамға көбейген. Ұлттық статистика бюросы осылайша Қазақстан халқының саны 20 118 478 адамға жетті деп хабарлайды. Бюроның мәліметінше, жыл басында халық саны 20 033 482 адамды құраған. 3 айдың ішінде тұрғындар саны 62 мыңға дейін өскен. Ал соңғы бір айдағы санақ бойынша тағы 22 515 адам қосылған. 20 118 478 адамның 12 451 192-і қалада тұрса, қалған 7 582 650-і ауыл-аймақта өмір сүріп жатыр.
Тәуірбек Бозекен