Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Мемлекеттік думасының Төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Мемлекеттік думасының Төрағасын қабылдады

03.06.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Мемлекеттік думасының Төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасы талқыланды. Президент мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайту ісінде заң шығару органдары маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ көпжақты ынтымақтастық аясында парламентаралық байланыстарды одан әрі дамытуға және бауырлас Қазақстан мен Ресей халықтарының мүддесі мен игілігі үшін екіжақты серіктестікті барынша кеңейтуге шақырды.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу